Карантин басталғалы бері, шахматтан оқу-жаттығу ісіміз күрт өзгерістерге тап болды.
Халық денсаулығын қорғау-сақтау мамандарының талаптарын орындап, ауру таратпау мақсатында SHATRANJ шахмат мектебінде дәріс беру тоқтатылып, шахмат бапкерлері тегіс интернет арқылы онлайн сабақ беруге көшті.
Ата-аналар көмегімен оқушыларымыз біздермен байланыс орнатып, кұнделікті кесте бойынша дәрістер алуда.
Спорттық қарым-қатынасты жоғалтпай, нығайту үшін әр мүмкіншілікті пайдаланып онлайн турнирлер ұйымдастырылуда.
Блиц, рапид жарыс түрлерінен бапкерлер мен жас шахматшылардың туған күндеріне қарсы мини-турнирлер өткізілуде.
Талапкерлеріміз сыйлық үшін емес, жарыстың болғанына қуана-қуана қатысуда. Әрине, шахмат тақтасының басында қарсыласыңды қарсы алып, қолын алып, фигураларды қолмен сырғытып ойнағанға не жетсін?!
Үйде бола тұра, спорттық қалпымызды жоғалтпауға ұстаздар мен балалар ат салысуда.