100-ден астам МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ ШАХМАТ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ БОЛДЫ


«Мектептегі шахмат» бағдарламасы

Қазақстан шахмат федерациясының «Мектептегі шахмат» бағдарламасы аясында Алматы қаласының 68 мектебіндегі 100-ден астам мұғалім жаттықтырушыларды оқыту дәрісінен өтті. Мектептің дене шынықтыру мұғалімдері 5 топқа бөлініп оқытылды және курс қорытындысы бойынша шахмат жаттықтырушыларының сертификаттарына ие болды.
«Келесі оқу жылынан бастап бұл мектептерде 2-сынып оқушыларына шахмат пәнін оқытуды жоспарлауда», — дейді Салтанат Ноғайбаланова, — еске сала кетсек, 68 мектептің 20-сында шахмат үйірмелері бар. Оған шахмат үйренем деген кез келген оқушы қатысады.

Рустам Хуснутдинов, Сергей Ким, Асылхан Қараев, Олжас Меңғали және Мейіржан Жұматаев сияқты қазақстандық танымал шахматшылар мен тәжірибелі жаттықтырушылар жаңадан құрылған жаттықтырушыларға дәріс берді. Екі топ қазақ тілінде, үш топ орыс тілінде оқыды.

Бағдарламаның мақсаты — шахматты оқу пәні ретінде енгізу және шахматты балалардың танымдық дамуының құралы ретінде пайдалану, — дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, — Қазірдің өзінде психологтар шахматты оқып жатқан сыныптарда оқу үлгерімі айтарлықтай жақсарғанын растап отыр.
«Мектептегі шахмат» бағдарламасы 2007 жылы басталды. Бүгінгі таңда бағдарлама 205 мектепте, Қазақстанның 80 қаласы мен ауылында жұмыс істейді, онда 15 мыңнан астам бала шахмат үйренуде.

kazchess.kz

Loading