I retire from the Kazakhstani national team. The full English text is below.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстан шахмат федерациясымен жұмысты және Қазақстан құрама командасына ойнауды тоқтатамын деген шешімге келдім. Құрама командада 15 жыл, онын ішінде 11 жыл — команда лидері ретінде өнер көрсеттім. Көптеген жоғары нәтижелерге, тарихы жеңістерге де қол жеткіздік. Бірақ, ең үлкен жетістіктер әлі алда екеніне сенімім мол.
Еліміздің туы, намысы үшін әрқашанда 200 пайызға барлық шеберлігімді, қажырлығымды, қуатымды салып күресуге тырыстым. Талай тиімді мүмкіндіктерден және ұсыныстардан бас тартып, елім, жерім үшін күш-жігерімді аяған жоқпын. Менің адал еңбегіме көзі жетпеген, не күмәні бар адам болса, баршаның көзінше немесе маған жеке түрде айтсын.
Енді өзімнің жеке мақсаттарыма көңіл бөлетін уақыт келді.
Қазақстан шахмат федерациясы үлкен жарыстар өткізіп жатыр, сонымен қатар, келесі жас ұрпақтарға үлкен қолдау көрсетуде. Оларды осы бағыттан сүрінбей, алға ұмтылуын тілеймін. Бұл іс-әрекетке тек сәттілік.
I have decided to cease the collaboration with the Kazakhstan Chess Federation starting this year. I have been playing for the national team of Kazakhstan for 15 years, 11 of them as the 1st board — the team leader. We have reached many tremendous, even historic results, but I sincerely believe the best is yet to come.
I always dedicated myself wholeheartedly to the team, giving 200%, and willingly sacrificing my rating, board medals, and other personal purposes when playing for the honor of my country. No one witnessed and can claim the opposite.
Now it’s time to focus on my own goals.
The Kazakhstan Chess Federation does many commendable things, organizing numerous beneficial, high-level tournaments and supporting younger generations. I wish them to keep doing all of that and the best of luck.