Жақсы тәлімгерді тапқан соң, оның жұмысына сенім білдіру керек.
Құрметті шахмат ойынының жанкүйерлері!
Қай шахмат мектебіне барсаңыз да кәсіби бапкерді іздегеніңіз жөн, бұл өте өзекті мәселе. Ұстазбен сөйлесіп, өмірлік ұстанымдарын байқап көруге тырысыңыз, балаңыздың осындай адамға ұқсағанын қалар едіңіз бе деген сұрақты өзіңізге қойып көріңіз. Себебі сынықтан өзгенің бәрі жұғады. Барлық мәселені о бастан айқындап алған абзал: шәкірттің жетістікке жетуі маңызды немесе жай үйренгені қажет. Жақсы тәлімгерді тапқан соң, оның жұмысына сенім білдіру керек. Баланың алдында бапкердің абыройын төмендетудің, істеп жатқан іс – әрекетіне күмәнмен қараудың қажеті жоқ. Өкінішке орай, кейбір ата – аналар жаттығу процесіне бас сұғып, ұстаздың жұмысына қатысты мәселелерге араласа бастайды. Олардың пайымдауынша балаға қысым көрсетіліп, тым жоғары талап қойылады. Бұл ыңғайсыз жағдай, себебі көбінесе педагогикалық білімі жоқ, бұл саланы мүлдем білмейтін адамдардың ақыл үйретуі біздің қауымды қынжылтады. Шығармашылық адам болған соң, бұндай жағдайлар көңілге келеді. Табысты тәлімгерлердің2 басым бөлігі тәжірибелі, өз ісінің маманы және азды – көпті жетістікке жеткен тұлғалар, осыны ұмытпаңыздар.