Жарыс 22 желтоқсан 2019 ж. Қаскелен өтеді.
Президент федерации шахмат Алматинской области Саят Егенбердиев
Чемпионат Алматинской области по шахматам
Almaty Region Juniors Championship 8U
Almaty Region Juniors Championship 8G
Almaty Region Juniors Championship 16G
Almaty Region Juniors Championship 16U
Almaty Region Juniors Championship 14U
Almaty Region Juniors Championship 14G
Almaty Region Juniors Championship 12U
Almaty Region Juniors Championship 12G
Almaty Region Juniors Championship 10G
Almaty Region Juniors Championship 10U
КЕЛІСЕМІН
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт
басқармасының басшысы
____________Н. Теңізбаев
«__» __________ 2019 ж
КЕЛІСЕМІН
Қарасай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
__________С. Камзанов
«__» __________ 2019 ж
БЕКІТЕМІН
Алматы облыcы және Талдықорған қаласының шахмат және дойбы федерациясының президенті
___________С. Егенбердиев
«__» ___________2019 ж
Шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының
облыстық іріктеу турнирін өткізудің
ЕРЕЖЕСІ
I. Мақсаты
— Шахмат ойынын жастар арасында насихаттау жəне дамыту
— балалар шахматының деңгейін көтеру
— қəбілеті жоғары жастарды анықтау
— Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионатына дайындалу.
II. Өтетін орны және мерзімі
1. Жарыс 22 желтоқсан 2019 ж. Қаскелен қаласындағы С. Демерел Университетінде өтеді.
2. Жарысқа 8,10,12,14,16 жасқа дейінгі Алматы облысының оқушылары қатыса алады.
3. Жарыс ФИДЕ ережесіне сай швейцар жүйесімен 9 тур ойналады.Əр ойыншыға 15 мин.уақыт беріледі.
ІІІ. Жеңімпаздарды анықтау
Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің
спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен ережеге сәйкес анықталады.
IV. Жарыстың өткізілуіне басшылық ету
Жалпы басшылық Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына және Алматы облыcы және Талдықорған қаласының шахмат және дойбы федерациясына жүктеледі. Негізгі жарыстарды өткізу, ұйымдастыру комитеті бекіткен бас төрешілер алқасы атқарады.
V. Марапаттау рәсімі
Жекелей және командалық есепте жүлдегер атанған спортшылар Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және Алматы облыcы және Талдықорған қаласының шахмат және дойбы федерациясының дипломарымен және медальдарымен, марапатталады.
Əр топтың (олар10) жеңімпаздары 05- 18 қаңтар 2020 жылы Алматы қаласында өтетін Жастар арасындағы Қазақстан Чемпионатына жолдама алады.
VI. Жеңімпаздарды анықтау
Жеңімпаздар жинаған ұпай санына қарай анықталады. Ұпай сандары тең ойын шылар 2 немесе одан көп болған жағдайда ,жеңімпаз төмендегі көрсеткіштер арқалы анықталады:
1. Бухгольц коэффиц.
2.Жеке кездесу
3.Ең көп жеңіс
4. Қара тастар мен көпжеңіс
VII. Тапсырыс
Жарыс кезіндегі ойыншылардың қəуіпсіздігіне əр команданың жетекшісі жауапты. Тапсырысқа қажетті құжаттар:
— туу туралы куəлік
— оқитын мектептен анықтама
— тұрақ орнын анықтайтын құжат
Жарысқа келушілер балаларды жол полициясының көмегіне сүйене отырып алып келуі қажет.
Түпкілікті тапсырыс жарысқа келген күні бас төрешілер алқасына тапсырылуы тиіс. Тапсырыс электрон. почта түрінде : 20.12.2019 сағ. 18-00 ге дейін қабылданады, mail: aigulyegenberdiyeva@mail.ru
Аты-жөні Туған күні,айы,жылы Жынысы Оқу орны Жаттықтырушы Дәрігердің қолы
Алыстан келетіндерге жатақхана «Карасай Батыр» телефоны: 8- 707 — 930 — 80 -85
Қосымша ақпараттар үшін байланыс телефондар : 8-707-612-40-40 Саят Егенбердиев 8- 747 — 578 — 40 -05 Амандұлла Əбдімұратов