ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ.

Шеберлікке жету үшін қосымша еңбек ету керек!

Бапкердің үй тапсырмасын беруінің пайдасы тәжірибемен дәлелденген. Ғалымдардың пайымдауынша табысты болу үшін, адам өзі таңдаған бағытта күнделікті еңбек етуі қажет. Болашақта шебер болғыңыз келсе, осыған назар аударыңыз. Нейробиологтардың айтуынша біздің миымыз ну орманға ұқсайды, алғаш рет сол алқапқа кіргенде, біз қиналып, жол табуға әрекеттенеміз. Ал тұрақты түрде сол жерде жүрсеңіз, бастапқыда жалғыз аяқ жол болса, уақыт өте даңғыл жолға да қол жеткізесіз. Өкінішке орай, үй тапсырмасын орындау кезінде шәкірттердің басым бөлігі шахмат тастарын тақтаға тізбей, жай қағазға қарап шешуге тырысады. Бұл балалардың қолмен жұмыс жасамайтындығын көрсетеді. Қол арқылы ұсақ моториканы дамыту миға пайдалы әсер етеді, осыны ұмытпаған жөн. Ата-аналар осыған көңіл бөлсе, керемет болар еді.

Олжас Меңғали

Loading