КЕЛУ КЕТУ.


Ұстаз ойы

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

Алматы қаласының шахмат мектептерінде, оқушылардың көшіп жүруі қалыпты жағдай. Бірақ бапкерлердің бір бөлігі бұл үрдіске ерекше қызғанышпен қарап, балаға, ата – анасына кәдімгідей ренжіп, өкпе назын айтып жатады. Сондықтан кейбір ұстаздың шәкіртті өзінің меншігі ретінде санауы үлкен әбестік. Осындай жағдайларды түсінбеймін, негізгі бағыт-бағдар ол шәкіртіңнің табысты болашағы. Бұл жағдайда бапкердің ең басты міндеті – мүмкіндігінше білімімен, тәжірибесімен бөлісу, шәкірттің ынтасын бағыттау, қабілетін жетілдіріп жетістіктерге жетелеу. Тәлімгердің жеке басының қаржылай шығыны, амбициялары бұл жерде маңызды емес. Ұстаз өзінің келешектегі беделін ойлау керек, егер шәкіртің немесе оның ата-анасы сен туралы көпшілік алдында жақсы пікір білдіріп жатса, мәртебең жоғары болатынын ұмытпаған жөн.

Олжас Меңғали

Loading