КӘСІБИ БАПКЕР.

КӘСІБИ БАПКЕР.

КӘСІБИ БАПКЕР. Олжас Меңғали

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

Сіздермен бапкерлік өмірде жиі кездесетін жағдаймен бөліскім келіп тұр. Қай салаға барсаңыз да кәсіби маманды іздегеніңіз жөн, себебі шала сауатты адамнан жақсы нәтиже күтпеңіз, болашақта зардап шегуіңіз мүмкін. Қаншама бала осындай ұстаздардың қолына түсіп, тиісті деңгейіне көтеріле алмай, өз уақыттарын жоғалтты. Егер де, үйдің іргетасын дұрыстап қаласаңыз, онда тұрғызылған ғимарат сапалы, ал жақсы бапкердің қолына түссеңіз, келешекте үлкен биіктерден көрінуге мүмкіндік көп болады.
Атақты Брюс Лидің бапкері Ип Ман айтқандай: «Оқушы үшін кәсіби мұғалімді табудың қиын екені рас, алайда жаттықтырушыға жақсы шәкіртті тауып алу одан да ауыр».
Сіздердің өмірлік жолдарыңызда сауатты мамандар көп болсын!

Олжас Меңғали

Views All Time
Views All Time
214
Views Today
Views Today
2

Об авторе

Аватар

admin administrator