Главные новости

Архив категорий Қазақша

Автор:admin

Шахматшылар назарына!

12-ші наурыз күні сағат 11.00де «Almaty» орталық шахмат клубында 8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан жарыс өтеді. Жарыс шахматтың рапид (15 минут) түрінен 7 турдан өтеді. Жарысқа тіркелу жарыстың басталуына 1 сағат қалғанда аяқталады. Жарыс салымы 2000тг. Орындар шектеулі.

Мекен-жайымыз: Алматы қ. Шевченко көш. 165 б, БЦ «МТС» 708 каб.
Байланыс телефоны: 87478878706

Автор:admin

Құрметті шахматшылар!


Өздеріңізге белгілі 4 наурыз күні «Almaty» орталық шахмат клубының ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатына Алматы қаласының Алмалы ауданы əкімдігінің өкілі Арман Нарботаев, Оңтүстік Қазақстан облысы шахмат федерациясының вице-президенті Джаханов Сейтжан, Алматы қаласы шахматшылар одағы президентінің міндетін атқарушы Ким Сергей қатысқан болатын. Сонымен қатар Павлодардан халықаралық дəрежедегі спорт шебері Асхат Нукин, шахматтан əуесқойлар арасындағы 2016 жылғы əлем чемпионы Бигабылов Жұбан қатысты. Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар ыстық лебіздерін білдіріп, болашақта «Almaty» орталық шахмат клубына жан-жақты қолдау көрсететіндіктерін айтты.

4-ші наурыз күні «Almaty» орталық шахмат клубында Алматы жəне Шымкент құрама командаларының арасында шахматтан жолдастық кездесу өткен болатын. Жолдастық кездесуге əр командадан 10 адамнан қатысты жəне əр командадан ен жоғарғы балл жинаған 4 адам финалдық кезеңге өтті. Шымкент құрамасында əлем чемпионы Бигабылов Жұбан бастаған шахматшылар қатысса, Алматы құрамасына Лесбекова Асель, Балабаева Ксения секілді болашақ чемпиондарды атап өтуге болады. Жолдастық кездесу 67:33 есебімен Алматы құрамасының пайдасына шешілді, ал финалдық кезеңді «Almaty» орталық шахмат клубының ұстазы Жунусов Бибек жеңіп алды. Жарыстын жүлде қоры 80000тг.
Бас демеуші: «Almaty» орталық шахмат клубы.

Жунусов Бибек